Accessibility links

БҰҰ-ның арнайы өкілі Ливияда Каддафиге жолыға алмады


Ливия жетекшісі Муамар Каддафидің (сол жақта) бір топ адаммен кездескені мемлекеттік телеарнадан көрсетілді. 11 мамыр 2011 жыл.
Ливия жетекшісі Муамар Каддафидің (сол жақта) бір топ адаммен кездескені мемлекеттік телеарнадан көрсетілді. 11 мамыр 2011 жыл.
Жексенбі күні Триполиге келген БҰҰ-ның арнайы өкілі Абдул-Илах әл-Хатиб Ливия жетекшісі Муамар Каддафиге жолыға алмады. Бұл туралы БҰҰ өкілі Мартин Несирки мәлімдеді.

Оның айтуынша, ББҰ-ның арнайы өкілі Каддафи үкіметінің сыртқы істер министрі Багдади Махмудимен, Каддафиді қолдайтын тайпа басшыларымен кездескен.

Келіссөздер кезінде БҰҰ өкілі атысты дереу доғарып, Каддафиге бағынышты күштер қоршауда ұстаған тұрғындарға гуманитарлық жәрдем жеткізуге жол ашуға шақырған.
XS
SM
MD
LG