Accessibility links

Жапония "Фукусима" АЭС-і маңындағы қауіпті аймақты кеңейтті


"Фукусима" АЭС-інде жиналған радиоактивті суды уақытша сақтайтын орын.

"Фукусима" АЭС-інде жиналған радиоактивті суды уақытша сақтайтын орын.

Жапония наурыздың 11-і болған зілзала мен цунамиден қатты бүлінген "Фукусима" атом электр станциясы төңірегіндегі эвакуация аймағының шеңберін кеңейтті.

Бүгін АЭС-тен 30 шақырымнан алыста орналасқан Иитате және Кавамата елдімекендерінің тұрғындары басқа жаққа көшірілді. Барлығы бес мыңға жуық адам эвакуцияланған. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады деп хабарланды.

"Фукусима" АЭС-індегі апаттың салдарын жойып, жағдайды қалыпқа келтіру қиынға түсіп жатыр. Бірінші реакторды салқындатуға арналған радиоактивті 3 тонна су реактордың сыртқы қабында пайда болған тесіктен жертөлеге аққаны анықталған.

АЭС-ті басқаратын TEPCO компаниясы реакторды салқындатудың басқа жолын іздестіріп жатқанын айтады.
XS
SM
MD
LG