Accessibility links

Гватемалада 27 адамның мәйіті табылды


Есірткі саудагерлеріне қарсы полиция операциясы. Көрнекі сурет.

Есірткі саудагерлеріне қарсы полиция операциясы. Көрнекі сурет.

Гватемала полициясы елдің солтүстігіндегі бір ранчодан 27 адамның өлі денесі табылғанын және көпшілігінің басы жоқ екенін хабарлады.

Полиция бастығы бұлар аймақтағы есірткі саудагерлерінің өзара соғысында құрбан болғандардың денелері болуы ықтимал деген пікір айтты. Билік орындары бұл іске атышулы "Зетас" картелінің қатысы болуы мүмкін деп санайды. Мексика үкіметі есірткі саудасына қарсы ымырасыз күрес жариялағаннан кейін аталған картель енді Гватемалаға қарай ойысқан деген болжам айтылып отыр.

Оңтүстік Америкадан АҚШ-қа есірткі тасымалының негізгі жолдарының бірі Гватемаланың солтүстік аймағы арқылы өтеді.
XS
SM
MD
LG