Accessibility links

Израильдің шекарасындағы қақтығыстарда 12 адам көз жұмды


Шығыс Иерусалимде қақтығыс кезінде израиль қауіпсіздік күштері палестиндіктерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды. 13 мамыр 2011 жыл.

Шығыс Иерусалимде қақтығыс кезінде израиль қауіпсіздік күштері палестиндіктерге қарсы көзден жас ағызатын газ қолданды. 13 мамыр 2011 жыл.

Жексенбі күні Израиль мен палестиналық территория арасындағы шекарада болған қақтығыстар салдарынан 12 адам мерт болып, ондаған кісі жараланған.

Еврей мемлекетінің құрылғанына 63 жыл толуына орай палестиндік босқындар өткізген шараға қолдау білдіргендер мен израиль полициясы арасындағы қақтығыстар күн барысында Газа секторындағы Эрец бекетінде, Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Рамаллах маңында және Голан жотасында жалғасқан.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху израильдіктердің өз шекарасы мен тәуелсіздігін қорғауға қабілетті екендігіне ешкім шүбә келтірмеуі тиіс деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG