Accessibility links

ХВҚ-ның тұтқындалған басшысы медициналық тексеруден өтеді


Халықаралық валюта қорының басшысы Доминик Стросс-Кан Нью-Йорк әуежайында ұсталды. 15 мамыр.2011 жыл
Халықаралық валюта қорының басшысы Доминик Стросс-Кан Нью-Йорк әуежайында ұсталды. 15 мамыр.2011 жыл
Халықаралық валюта қорының басшысы Доминик Стросс-Кан өзіне тағылған жыныстық айыптарға қатысты медициналық тексеруден өтуге келісті.

62 жастағы Стросс-Кан сенбі күні Джон Кеннеди әуежайында ұсталған болатын. Ол Нью-Йорктегі қонақ үй қызметкеріне тиісіп, зорламақ болды деп өзіне тағылған айыпты мойындамайды. Парижге ұшып бара жатқанда тұтқындалған Стросс-Канға қарсы әйел зорламақ болды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Ол Халықаралық валюта қорының басшылығына 2007 жылы келген болатын. Стросс-Кан сонымен қатар Францияның 2012 жылы өтетін президент сайлауына Социалистерден болуы кандидат ретінде айтылып келген.
XS
SM
MD
LG