Accessibility links

Сенатор Джон Керри Пәкістанда келіссөздер өткізеді


АҚШ сенаторы Джон Керри Кабулдағы АҚШ елшілігінде. 15 мамыр. 2011 жыл.

АҚШ сенаторы Джон Керри Кабулдағы АҚШ елшілігінде. 15 мамыр. 2011 жыл.

АҚШ сенаторы Джон Керри Усама бин Ладеннің Пәкістандағы өлімінен кейін Исламабадқа барып, пәкістандық билік жетекшілерімен келіссөздер өткізеді. Жексенбі күні Кабулдан Пәкістанға шығар алдында Керри журналистерге АҚШ пен Пәкістанның қарым-қатынастары қиын кезеңде тұр деген.

Ол өзінің Пәкістан президенті Асиф Али Зардари мен премьер-министр Юсуф Раза Гиланиді тыңдауға дайын екенін мәлімдеді. Осы жолғы келіссөздерде жақында өлтірілген әл-Қаида жетекшісі Усама бин Ладеннің Исламабад маңында өмір сүргені бірқатар күрделі мәселелердің көтерілетінін байқатып отыр.

Пәкістан мамырдың 2-де бин Ладенді өлтірген рейдті рұқсат етілмеген біржақты әрекет деп атап, АҚШ-пен арадағы барлау ынтымақтастығын қайта қарайтынын айтқан.
XS
SM
MD
LG