Accessibility links

Германияда қымыз фестивалі өтті


Германиядағы қымыз фестивалі.15 мамыр. 2011 жыл
Германиядағы қымыз фестивалі.15 мамыр. 2011 жыл
Германияның Валдбрун аймағында 400-дей жылқысы бар фермер Ханс Цоллманн жексенбі күні өткен қымыз фестивалінде бие сүтінен жасалған крем, лосьон, сабын сияқты косметикалық заттар, қымыз қосылған дәрумен және балаларға арналған құрғақ сүт өнімдерін көпшіліктің назарына ұсынды.

Күніне 200 биенің жүзге жуығын сауып, сүтін түрлі мақсаттағы өндіріске пайдаланып келе жатқан Цоллманн мырза, қымыз сүтін пайдалану дәстүрін қазақтардан алғанын айтады. Оның айтуынша, совет-герман соғысында жараланып, тұтқынға түскен қайын атасын қазақ отбасы саумалмен емдеп жазып алған.

Осыдан кейін неміс тұтқыны болған Рудольф Шторх еліне жеткенде қымыз дәмін ұмыта алмай, 1959 жылдан бастап Германияда жылқы шаруашылығын дамытқан. Содан бері оның ұрпағы қымыздың адам денсаулығына пайдасын Еуропаға паш етуге тырысып келе жатқандарын айтады.
XS
SM
MD
LG