Accessibility links

Беларустік оппозиция жетекшісінің әйеліне 2 жыл шартты мерзім берілді


Ирина Халип Минскідегі соттан кейін. 16 мамыр. 2011
Ирина Халип Минскідегі соттан кейін. 16 мамыр. 2011
Беларусь соты оппозиция жетекшісі Андрей Санниковтың әйелі, журналист Ирина Халипке екі жыл шартты түрме жазасын берді.

Сенбі күні Минск соты Санниковтың өзін 5 жылға түрмеге жапқан. Ол екеуі де желтоқсанның 19-да өткен президент сайлауында Александр Лукашенконың қайта сайлануына қарсылық танытқан шеруге қатысқаны үшін сотталды.

Сот шешіміне дейін үйқамақта отырған Ирина Халип үкімге қарсы апелляциялық шағым түсіретінін айтып отыр. Онымен бірге дүйсенбіде сот үкімі шыққан тағы үш оппозициялық белсенді де рұқсат берілмеген шеруге қатысты деп, 2-3 жыл мерзімге түрмеге жабылды.

Андрей Санников президенттік сайлауда Лукашенконың қарсыласы болған. Беларусь оппозициясы мен Батыс елдері өткен жылғы президент сайлауын мойындамады.
XS
SM
MD
LG