Accessibility links

Халықаралық сот прокуроры Каддафи мен оның екі ұлын тұтқындауды сұрады


Халықаралық қылмыстық соттың бас прокуроры Луиз Морено-Окампо. Гаага. 15 сәуір.2011

Халықаралық қылмыстық соттың бас прокуроры Луиз Морено-Окампо. Гаага. 15 сәуір.2011

Халықаралық қылмыстық соттың бас прокуроры судьядан адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген айыппен Ливия жетекшісі Муаммар Каддафиді қамауға алуға бұйрық беруді сұрады.

Прокурор Луйз Морено-Окампо Гаага сотынан Каддафи мен оның екі баласын да режимге қарсы шыққандарды күшпен басты деген айыппен тұтқындауды сұрап отыр.

Бұл туралы Гагада мәлімдеген Морено-Окампо қарусыз Ливия халқына қарсы шабуыл жасауға Каддафидің өзі нұсқау бергеніне дәлелдер бар деді.

Ақпан айында БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Морено-Окампоға Ливиядағы қылмыстарды тергеуге рұқсат берген.
XS
SM
MD
LG