Accessibility links

Қазақ-қырғыз шекарасы аймағында жер сілкінісі тіркелді


Қырғыз Алатауы.

Қырғыз Алатауы.

Бүгін таңертең Астана уақытымен 8 сағат 32 минутта Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аймағында 3,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы геофизикалық зерттеу институты арнайы сейсмикалық ақпаратты жинау және өңдеу орталығы.

Орталықтың ресми сайтында жарияланған ақпаратта, жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан оңтүстік-батысына қарай 170 шақырым жерде тіркелгені айтылған.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
XS
SM
MD
LG