Accessibility links

Мәскеуде тұрғын үй өртеніп, жеті адам қаза болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Ресей астанасында үш қабатты тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан жеті адам қаза болып, тағы жеті кісі зардап шеккен.

Қалалық төтенше жағдайлар министрлігі басқармасының хабарлауынша, өткен түні Мәскеу орталығындағы ескі үш қабатты тұрғын үй ғимаратының екі қабаты өтке оранған.

Өртке қарсы күрес қызметі өртті сөндіріп, құтқарушылар ол үйден 20 адамды қауіпсіз жерге көшірген.

Алдын-ала деректер бойынша, бұл үйде ТМД елдерінен келген еңбек мигранттары тұрып жатқан. Ресейлік құқық қорғау орындары өрттің себептерін анықтауға кіріскені хабарланды.
XS
SM
MD
LG