Accessibility links

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета бүгін Ирландияға сапармен барады


Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета жұбайы Филиппен бірге.

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета жұбайы Филиппен бірге.

Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизавета және оның жұбайы Эдинбург герцогы Филипп бүгін Ирландияға төрт күндік сапармен барады.

Осылайша ІІ Елизавета Ирландия тәуелсіздік алған 1921 жылдан бері ол елге баратын алғашқы британ тақ иесі болғалы отыр.

Жоспарға сәйкес сапар кезінде патша отбасы Дублиндегі екі мемориалды ескерткішке бармақшы. Оның біреуі - осыдан 80 жылдан астам уақыт бұрын Ирландияның тәуелсіздігі үшін британ империясына қарсы күрескендердің құрметіне қойылған ескерткіш.

Патшайымның Ирландиядағы сапарына байланысты екі елде де қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Осы сапар қарсаңында ағылшын полициясының қолына ирландиялық радикалды топтардың Лондонда жарылыс жасауы мүмкін екендігі айтылған құпия хабарлама түскені туралы ақпарат тараған еді.
XS
SM
MD
LG