Accessibility links

Пәкістан полициясы НАТО тікұшақтары шекарадағы бекетті атқылағанын айтты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

НАТО-ның екі тікұшағы Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас Солтүстік Вазиристан аймағындағы бақылау бекеттерінің бірін атқылап, пәкістандық екі сарбазды жаралады деп хабарлады жергілікті полиция.

Ауғанстандағы халықаралық коалиция күштерінің өкілі әзірге бұл оқиғадан хабарсыз екендігін, оның жай-жапсары анықталып жатқанын айтқан.

Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас аймағында мамырдың басынан бері АҚШ әскерилері бірнеше операция жүргізді. Ауғанстанда адам ұрлап, америкалық әскерилерге шабуылдар жасайды деген күдікке ілінген "Хаккани" террорлық тобының базалары осы аймақта орналасқан делінеді.
XS
SM
MD
LG