Accessibility links

Мүбәрәктің әйелі меншігіндегі дүние-мүлкін түгелдей мемлекетке өткізді


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәктің әйелі Сюзанна Мүбәрәк.
Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәктің әйелі Сюзанна Мүбәрәк.
Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәктің әйелі Сюзанна Мүбәрәк өзінің барлық дүние-мүлкін мемлекетке өткізгені туралы хабарланып отыр.

Бұған дейін елдің жаңа билігі күйеуімен бірге Сюзанна Мүбәрәкқа да коррупцияға байланысты айып тақпақшы деген ақпарат тараған еді. Кейбір деректер бойынша, Мүбәрәктар отбасының дәулеті ондаған миллиард долларды құрайды.

Египетте былтыры соңынан бері үздіксіз жалғасқан халық наразылығынан соң биыл ақпанның 11-і күні Хосни Мүбәрәк биліктен кетуге мәжбүр болды. Мүбәрәк режиміне қарсы елде жаппай шерулер өткізген наразылық танытушылар бұрынғы президент пен оның туған-туысын сотқа тартып, мемлекет қазынасынан заңсыз алғандарын қайтартуды талап еткен еді.

Экс-президент Хосни Мүбәрәк қазір Шарм әл-Шейхтегі ауруханада қамауда отыр. Мүбәрәктің екі ұлы Алаа мен Гамаль да сәуір айының 12-сінде ұсталған.
XS
SM
MD
LG