Accessibility links

Доминик Стросс-Канды Нью-Йорк түрмесіне ауыстырады


Доминик Стросс-Кан (ортада) Нью-Йорк сотында. 16 мамыр 2011 жыл.

Доминик Стросс-Кан (ортада) Нью-Йорк сотында. 16 мамыр 2011 жыл.

АҚШ-та әйел зорламақ болды деген күдікпен ұсталған Халықаралық валюта қорының басшысы Доминик Стросс-Кан Нью-Йорктегі Рикерс-Айленд түрмесіне ауыстырылады.

Дүйсенбі күні Нью-Йорк соты Стросс-Канды 1 миллион доллар кепілге босату туралы оның адвокатының берген өтінішін қанағаттандырмай тастады. Айыптаушы тарап күдіктінің Францияға - өз Отанына кетіп қалуынан қауіптенеді, АҚШ пен Франция арасында күдіктілерді ұстап беру жөнінде келісім жасалмаған.

62 жастағы Доминик Стросс-Кан сенбі күні Парижге ұшқалы тұрған кезде Джон Кеннеди әуежайында ұсталған болатын. Ол Нью-Йорктегі қонақ үйде жұмыс істейтін әйелді зорламақ болды деген күдікке ілігіп отыр. Алайда Стросс-Кан өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

Халықаралық валюта қорының басшылығына 2007 жылы келген Стросс-Кан 2012 жылы өтетін Франция президенті сайлауына Социалистік партиядан кандидат болып түсуге лайықты деп айтылып келген.
XS
SM
MD
LG