Accessibility links

Ақтөбедегі жарылысқа жанкештінің қатысы болуы мүмкін


Жарылыс болған ҰҚК департаменті ғимаратының маңын полиция күзетіп тұр. Ақтөбе, 17 мамыр 2011 жыл

Жарылыс болған ҰҚК департаменті ғимаратының маңын полиция күзетіп тұр. Ақтөбе, 17 мамыр 2011 жыл

Ақтөбеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимараты жанында жарылыс болды деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Сейсенбі күнгі жарылысты жанкешті жасаған болуы мүмкін. Жарылыстан бір адам мерт болып, үш кісі жараланған.

Қазіргі уақытта оқиға орнын полиция қоршауға алған деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Оның айтуынша, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG