Accessibility links

Прокуратура: "Нұрбанктің" із-түссіз кеткен топ-менеджерлерінің мәйіттері табылды


"Нұрбанктің" із-түссіз жоғалып кеткен топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтың денелері Алматыдан табылды деп хабарлайды Қазақстан бас прокуратурасы.

"Олардың мәйіттері 3-3,5 метрлік тереңдіктегі темір бөшкелердің ішінен табылған. Денелер полиэтилен пакеттеріне оралған", - деді бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев сейсенбі күні Астанада өткізген брифингте.

Темірәлиев пен Хасенов 2007 жылы 31 қаңтарда "Нұрбанктегі" оқиғадан кейін жоғалып кеткен болатын.

Қазақстанның билік орындары банкирлердің ұрлануына байланысты президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевті айыптайды. Рахат Әлиев бұл айыптарды жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG