Accessibility links

Муаммар Каддафидің өкілдері Лавровпен кездесті


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров

Ресей Ливияны қарапайым халыққа қарсы күш қолдануды тоқтатуға шақырды.

Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бүгін Мәскеуде Муаммар Каддафидің өкілдерімен келіссөз өткізген соң Ливия БҰҰ қарарларына толық бағынуы тиіс деп атап көрсетті.

Ливиядағы НАТО операциясын сынаған Ресей Каддафи күштері мен оны биліктен құлатуды көздейтін көтерілісшілер арасындағы бітімге қол жеткізгісі келетінін айтты. Лавровтың мәлімдеуінше, Ресей жақында ливиялық көтерілісшілердің өкілдерімен де кездесуге үміттеніп отыр.
XS
SM
MD
LG