Accessibility links

ЕҚЫҰ Ақтөбедегі жарылысты лаңкестік әрекет деп атады


Жарылыс болған ҰҚК департаменті ғимаратының маңайын полиция күзетіп тұр. Ақтөбе, 17 мамыр 2011 жыл.

Жарылыс болған ҰҚК департаменті ғимаратының маңайын полиция күзетіп тұр. Ақтөбе, 17 мамыр 2011 жыл.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Ақтөбедегі жарылысты айыптап, оны "лаңкестік әрекет" деп атады.

Аталмыш ұйымның қазіргі төрағасы Литва сыртқы істер министрі Аудрониус Ажубалис сейсенбі күнгі мәлімдемесінде "мен бұл террорлық әрекетті айыптаймын" деп атап көрсеткен.

Қазақстан билік орындары сейсенбі күні облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінде болған жарылыс "террорлық әрекет" емес деген болатын.

Бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, жарылыстан 25 жастағы Рахимжан Махатов есімді жанкештінің өзі мерт болған және тағы басқа екі адам зардап шеккен. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG