Accessibility links

Алматыда қатты жел салдарынан бір адам қаза болған


Дауылдан соң. Көрнекі сурет.

Дауылдан соң. Көрнекі сурет.

Алматыда сейсенбінің кешінде болған қатты жел мен нөсер жауын салдарынан ондаған ағаш құлап, электр желілері үзілді, қаланың төменгі бөлігінде кейбір тұрғын үйлерді су басты деп хабарлайды Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрліктің ақпаратында, жел құлатқан ағаш тау бөктеріне демалуға барғандардың тіккен шатырын басып қалғаны айтылған. Соның салдарынан 24-жастағы ер адам қаза болып, жанындағы серігі жарақат алған.

Нөсер мен қатты желдің салдарын жоюға 200-ден астам адам тартылды деп хабарлайды төтенше жағдайлар қызметі.
XS
SM
MD
LG