Accessibility links

Астанада шетел инвесторлары кеңесінің кезекті отырысы өтіп жатыр


Астанадағы Назарбаев университетінің ішкі көрінісі.

Астанадағы Назарбаев университетінің ішкі көрінісі.

Астанадағы Назарбаев университетінде Қазақстан президенті жанындағы шетел инвесторлары кеңесінің 24-ші отырысы өтіп жатыр деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Жиынды Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

«Осыдан тура 20 жыл бұрын, яғни 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алып, түбегейлі әлеуметтік-экономикалық, саяси реформаларды жүргізуді бастап, демократиялық қоғам және ашық экономиканы құруға кірісті. Сол кезден бастап еліміз мақсатты түрде нарықтық экономиканы құру жолымен келеді. Осы өткен уақытта Қазақстанда бизнесті жүргізу мен еліміз экономикасына инвестиция салуға қолайлы жағдайлар жасалды», - деді Қазақстан президенті.

Астанадағы жиынға Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бастаған үкімет мүшелері, Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялардың басшылары, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Томас Миров, сондай-ақ, Александр Квасьневский, Тони Блэр, Романо Проди және Альфред Гузенбауэр сияқты бірқатар еуропалық елдердің бұрынғы басшылары қатысып отыр.
XS
SM
MD
LG