Accessibility links

Пәкістанда бүлікшілер шабуылынан 17 адам қаза тапты


Пәкістан қауіпсіздік күштері жанкештілік шабуыл жасамақ болған деген күдікпен бес адамды атып өлтірді. Кветта қаласы, Пәкістан, 17 мамыр 2011 ж.
Пәкістан қауіпсіздік күштері жанкештілік шабуыл жасамақ болған деген күдікпен бес адамды атып өлтірді. Кветта қаласы, Пәкістан, 17 мамыр 2011 ж.
Бүгін Пәкістанның солтүстік-батысында Пешавар қаласының маңындағы қауіпсіздік күштерінің бақылау бекетіне бүлікшілердің шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады.

Пәкістан армиясы басшылығының хабарлауынша, үш сағатқа созылған ұрыс барысында полицияның екі қызметкері мен 15 бүлікші мерт болған.

Шабуыл жасалған бақылау бекеті тәліптер жиі белсенді іс-қимыл көрсететін Хайбер аймағымен шекарада орналасқан.

Мамыр айының басында америкалық әскерилердің Пәкістанда жүргізген арнайы операциясы кезінде "әл-Каида" ұйымының көсемі Усама бин Ладеннің көзі жойылған соң бүлікшілер кек алатындарын мәлімдеп, бірнеше рет шабуылдар жасады.
XS
SM
MD
LG