Accessibility links

Ақтөбедегі жарылысқа қатысты күдіктілер ұсталды


Жарылыс болған ҰҚК департаменті ғимаратының маңайын полиция күзетіп тұр. Ақтөбе, 17 мамыр 2011 жыл.
Жарылыс болған ҰҚК департаменті ғимаратының маңайын полиция күзетіп тұр. Ақтөбе, 17 мамыр 2011 жыл.
Ақтөбеде облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіндегі жанкештілік жарылысқа қатысы бар 10-нан астам күдікті ұсталды деп хабарлайды бірқатар ақпарат агенттіктері.

Бас прокуратураның мәліметінше, сейсенбі күнгі жарылыстан 25 жастағы Рахымжан Махатов есімді жанкештінің өзі мерт болған және тағы басқа екі адам зардап шеккен. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Ақтөбедегі жарылысты айыптап, оны "лаңкестік әрекет" деп атады.
XS
SM
MD
LG