Accessibility links

CPJ "Голос Республики" тілшісіне қатысты оқиғаны зерттеуге шақырды


"Голос Республики" газетінің Оралдағы тілшісі Алла Злобина
"Голос Республики" газетінің Оралдағы тілшісі Алла Злобина
Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) Қазақстан прокуратурасын оппозициялық басылым тілшісіне жасалған қорқытып-үркіту әрекеттеріне қатысты тергеу жүргізуге шақырды.

Нью-Йорктегі ұйымның мәліметінше, сәуірдің 29-да белгісіз бір адам "Голос Республики" газетінің тілшісі Алла Злобинаға телефон шалып, журналист пен қызының телефон әңгімесін тыңдатқан. Осыдан кейін Злобинаның қызына "шешең сияқты сен де даукессің" деп мектеп әкімшілігі қысым жасай бастаған дейді аталмыш комитет.

Батыс Қазақстан облысындағы прокуратура Злобинаның әлгі оқиға жөніндегі шағымын қараудан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG