Accessibility links

Гуантанамо түрмесінде бір тұтқын қаза болды


Гуантанамо түрмесіндегі көрініс. Көрнекі сурет.
Гуантанамо түрмесіндегі көрініс. Көрнекі сурет.
АҚШ-тың Гуантанамодағы әскери базасындағы түрмеде отырған тұтқындардың бірі өзіне өзі қол жұмсады деп хабарланды.

Түрме әкімшілігінің хабарлауынша, қамауда отырған Инаятулла есімді 37 жастағы Ауғанстан азаматының денесі тұтқындар серуендейтін шағын ауладан табылған.

Алайда оқиғаның жай-жапсары туралы әзірге бұдан өзге ақпарат жоқ.

Бұл - Гуантанамо түрмесі ашылғалы бері терроризм қылмысына қатысты күдікпен қамауда отырғандардан көз жұмған сегізінші адам.
XS
SM
MD
LG