Accessibility links

Израиль Палестинамен шекарасы туралы Обаманың ұсынысын қабылдамайды


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Таяу Шығыстағы даулы мәселені бейбіт жолмен шешу жайлы АҚШ президенті Барак Обаманың ұсынысын қабылдамайтындығын мәлімдеді.

1967 жылғы соғысқа дейін болған шекараға қайта оралу қорғаныс тұрғысынан мүмкін емес дейді Нетаньяху.

Кеше Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты АҚШ мемлекеттік департаментінде сөйлеген сөзінде президент Барак Обама Израильді Палестина мемлекетін құруға келісуге шақырып, Израиль мен Палестина арасы 1967 жылғы шекара сызығы негізінде жасалғаны жөн деген пікір білдірген еді.

Бүгін Биньямин Нетаньяху АҚШ-қа сапармен баруға тиіс.
XS
SM
MD
LG