Accessibility links

Доминик Стросс-Канның ХВҚ басшылығынан кеткені хабарланды


Доминик Стросс-Кан сот залында. Нью-Йорк, АҚШ, 16 мамыр 2011 ж.

Доминик Стросс-Кан сот залында. Нью-Йорк, АҚШ, 16 мамыр 2011 ж.

ХВҚ (Халықаралық валюта қоры) басшысы Доминик Стросс-Кан отставкаға кетті.

Бұл туралы бүгін таратылған мәлімдемесінде француз қаржыгері әрі саясаткер Стросс-Кан қызметтен кету туралы шешімге келгенін хабарлап, сонымен бірге өзіне тағылған айыпты үзілді-кесілді жоққа шығарды.

Өткен сенбі күні Нью-Йорк әуежайында ұсталған 62 жастағы Доминик Стросс-Кан қазір сол қаладағы Рикерс-Айленд түрмесінде отыр. Оған Нью-Йорктегі қонақ үйдің қызметші әйелін зорламақ болған деген айып тағылды.

Бүгін сот оны кепілге босатуды сұраған адвокатының өтінішін тағы қарайды. Дүйсенбі күні Нью-Йорк соты Стросс-Канды 1 миллион доллар кепілге босату туралы оның адвокатының берген өтінішін қанағаттандырмай тастаған еді.
XS
SM
MD
LG