Accessibility links

Ирактың Киркук қаласында полиция штаб-пәтері жанындағы үш жарылыстан 20-дан астам адам мерт болып, 80-ге жуық кісі жараланды.

Полицияның мәліметінше, бейсенбі күні алғашқы бомба полиция учаскесі сыртындағы көліктер қоятын жерде жарылған. Осыдан бірнеше минут өткен соң көлікке тиелген бомба іске қосылған. Кейінірек үшінші бомба жарылған. Жарылыстардан полиция ғимараты қираған.

Бағдадтан 290 шақырымдағы Киркук қаласында этникалық негіздегі жанжалдар болып тұрады. Мұнайға бай бұл қаланы күрдтер, арабтар және түркімендердің әрқайсысы өзінікі деп есептейді.
XS
SM
MD
LG