Accessibility links

Парижде Лола Каримованың шағымы бойынша сот басталды


Өзбекстан президентінің қызы Лола Каримова.
Өзбекстан президентінің қызы Лола Каримова.
Бүгін Парижде Өзбекстан президентінің кіші қызы Лола Каримованың шағымы бойынша ақпараттық вебсайтқа қарсы алғашқы сот тыңдаулары басталды.

Ислам Каримовтың қызы Лола Каримова әкесін "диктатор" деп атағаны үшін Францияның Rue89 интернет газетімен соттасып жатыр. Ол әкесінің намысын қорғау мақсатында басылымнан моралдық шығын ретінде 30 мың еуро талап етіп отыр.

ЮНЕСКО-дағы Өзбекстан елшісі Лола Каримованың сотқа шағымдануына Rue89 басылымында өткен жылдың мамырында жарық көрген журналист Огюстен Скалбердің «СПИД: Өзбекстан өз елінде қудалаулар жасап, Каннда өзін жарнамалайды» деген мақаласы түрткі болған. Скалбердің мақаласы Францияның Канн қаласындағы халықаралық кинофестиваль аясында «СПИД-ке қарсы кино» атты қайырымдылық кеші өтіп жатқан күні шыққан. Бұл кеште Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнара Каримова демеуші ретінде сөз сөйлеп, шоу-бизнес жұлдыздарымен қатар төрағалықта отырған.
XS
SM
MD
LG