Accessibility links

Нью-Йорк соты Доминик Стросс-Канды кепілге босатты


Доминик Стросс-Кан Нью-Йорк сотында. 16 мамыр 2011 жыл.

Доминик Стросс-Кан Нью-Йорк сотында. 16 мамыр 2011 жыл.

Нью-Йорк соты бейсенбі күні Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Канды 1 миллион долларға кепілге босатты.

Сот шешіміне сәйкес, Стросс-Кан күндіз-түні қолына арнайы электронды білезік тағып жүруі тиіс және күзетішінің бақылауында үйқамақта болады.

Өткен сенбі күні Нью-Йорк әуежайында ұсталған 62 жастағы Доминик Стросс-Канға сол қаладағы қонақ үйдің қызметші әйелін зорламақ болған деген айып тағылған. Содан бері абақтыда қамауда отырған Стросс-Кан өзіне тағылған айыпты үзілді-кесілді жоққа шығарады.

Бейсенбі күні Стросс-Канның Халықаралық валюта қоры басшысы қызметінен отставкаға кететіні туралы мәлімдемесі жарияланды.
XS
SM
MD
LG