Accessibility links

Барак Обама Таяу Шығыстағы жағдай туралы айтты


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 19 мамыр 2011 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 19 мамыр 2011 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама бейсенбі күні Солтүстік Африка және Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты сөз сөйлеп, Ақ үйдің ұстанымын жариялады.

Ол АҚШ-тың Таяу Шығыстағы мүддесі аймақ елдерінің мүддесіне кереғар емес деп мәлімдеді. Кейбір елдерде бірнеше айға жалғасып жатқан үкіметке қарсы толқуларға қатысты пікірінде Обама АҚШ бейбіт шеруге қарсы күш қолдануды құптамайтындығын, ал халықтың азаматтық құқықтарын қорғауын қолдайтындығын айтты.

Сириядағы жағдайға баға берген АҚШ басшысы Барак Обама президент Башар әл-Ассад қуғын-сүргінді дереу тоқтатып, демократиялық өзгерістерді бастауы керек немесе қызметінен кетуі тиіс деп мәлімдеді.

Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөздер аймақта Израиль және Палестина мемлекеттерінің қатар тату-тәтті өмір сүруіне жол ашуы керек деді Обама. Бұл екі мемлекет арасы 1967 жылғы шекара сызығы негізінде жасалғаны жөн деген пікір білдірді АҚШ президенті.

Палестиналықтардың өз тәуелсіз мемлекетін құрып дербес саяси өмір сүруге толық құқы бар деді АҚШ президенті.

Барак Обама аймақта демократиялық реформалар бастаған елдерге, мәселен, Египетке 2 миллиард доллар экономикалық көмек ұсынды. Сонымен бірге АҚШ президенті Еуропалық қайта құру және даму банкінің қызметін Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстағы демократиясы жас елдерге бағыттау қажеттігін айтты.
XS
SM
MD
LG