Accessibility links

НАТО әуе күштері Ливияда 8 әскери кемені суға батырды


Әскери ұшақ. (Көрнекі сурет).

Әскери ұшақ. (Көрнекі сурет).

НАТО Ливиядағы үкімет нысандарына әуеден соққы беріп, 8 әскери кемені суға батырғанын хабарлады. Әуе соққысыннан Триполи, әл-Хумс және Сирт қалаларындағы теңіз порттары зардап шеккен.

Әзірге бұл ақпаратқа қатысты Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи үкіметі ешқандай мәлімдеме айтқан жоқ.

Бейсенбі күні Ливия үкіметі көтерілісшілермен арада бейбіт келісімге келу үшін екі тарап та қалалардан әскерін шығарсын, ал НАТО күштері бомбылауды доғарсын деген ұсыныс айтқан еді.

Ливия оппозициясы елде ақпан айынан бері қарулы жанжал салдарынан 12 мың адам қаза болып, жүздеген мың адам босып кетті деген дерек айтады.
XS
SM
MD
LG