Accessibility links

Өзбек жазушысы Юсуф Жұма азат етілді


Өзбек жазушысы, диссидент Юсуф Жұма.
Өзбек жазушысы, диссидент Юсуф Жұма.
Өзбек жазушысы, диссидент Юсуф Жұма бес жылдық түрме жазасының үш жылын өтеген соң босатылды.

Адам құқықтары бойынша "Эзгулик" орталығының мүшесі Абдурахмон Ташановтың Азаттық радиосына айтуынша, осыдан бірнеше күн бұрын Өзбекстанның батысындағы белгілі "Жаслық" түрмесінен Ташкенттегі абақтыға көшірілген Юсуф Жұма сәрсенбіде азат етілген. Ташановтың айтуынша, диссидент қызымен бірге мамырдың 19-ында АҚШ-қа ұшып кеткен.

53 жастағы жазушы 2008 жылы Бұхара қаласындағы үкіметке қарсы шара барысында "полицияға бағынбай, екі полицейді жаралады" деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Халықаралық адам құқын қорғаушы ұйымдар диссидент Юсуф Жұманың босатылуын талап еткен.
XS
SM
MD
LG