Accessibility links

Сирияда зорлық-зомбылықтан кемінде 4 адам опат болды


Сирия президенті Башар әл-Асадқа қарсы ұран айтып тұрған әйел. 16 мамыр 2011 жыл.
Сирия президенті Башар әл-Асадқа қарсы ұран айтып тұрған әйел. 16 мамыр 2011 жыл.
Сирияның бірнеше қаласында президент Башар әл-Асад режиміне қарсы шерулер өтті.

Куәгерлердің айтуынша, жұма күні Баниаста бостандықты талап етіп шыққан шерушілерді қуып тарату үшін қауіпсіздік күштері оқ атқан. Сонымен қатар наразылық шарасы Дамаск, Хомс қалалары мен бірқатар ауылдарда өткен. Хабарларға қарағанда, бүгін Сириядағы шерулер барысында кемінде 4 адам мерт болған.

Халықаралық қауымдастық Сирия үкіметін наразылық танытушыларды басып жаншуын тоқтатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG