Accessibility links

Израиль премьері Обамамен кездесуден "жігерленіп шыққан"


Израиль премьері Биньямин Нетаньяху мен АҚШ президенті Барак Обаманың кездесуі. Вашингтон, 20 мамыр 2011 жыл.

Израиль премьері Биньямин Нетаньяху мен АҚШ президенті Барак Обаманың кездесуі. Вашингтон, 20 мамыр 2011 жыл.

Израиль ресми өкілдерінің айтуынша, премьер-министр Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуінен жігерленген.

"Иерусалим пост" басылымы бір ресми өкілге сілтеме жасап Нетаньяху жұма күні Вашингтондағы кездесуден жігерленіп шыққан деп хабарлады. Мамырдың 20-да Обама жаңа мүмкіндік пен тәуекел жасау сәтін сезіп тұрғанын мәлімдеді.

Оның алдында Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты АҚШ мемлекеттік департаментінде сөйлеген сөзінде Обама Израильді Палестина мемлекетін құруға келісуге шақырып, Израиль мен Палестина арасы 1967 жылғы шекара сызығы негізінде жасалғаны жөн деген пікір білдірген еді.
XS
SM
MD
LG