Accessibility links

Кабул ауруханасындағы шабуылдан 6 адам мерт болды


Кабул ауруханасындағы жарылыстан кейінгі көрініс. 21 мамыр 2011 жыл.
Кабул ауруханасындағы жарылыстан кейінгі көрініс. 21 мамыр 2011 жыл.
Ауғанстан астанасындағы әскери ауруханада болған жанкештілік жарылыс пен қақтығыстан 6 адам мерт болып, 23 кісі жараланды.

Қорғаныс министрлігі баспасөз хатшысы генерал Мохаммед Захердің мәлімдеуінше, Кабулдағы Сардар Мохаммад Дауд Хан ауруханасында қаза болғандардың кемінде үшеуі - медициналық студенттер. Ауруханадағы шабуылға байланысты жауапкершілікті "Талибан" өз мойнына алды.

"Талибан" баспасөз хатшысы Забиулла Мужахиддің айтуынша, екі жанкешті аурухананың ішінде жарылғыш заттарын іске қосқан.
XS
SM
MD
LG