Accessibility links

Израиль премьері Обама әкімшілігімен дағдарыс жоқ екенін айтты


Израиль премьері Биньямин Нетаняху мен АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде кездесіп отыр. 20 мамыр. 2011

Израиль премьері Биньямин Нетаняху мен АҚШ президенті Барак Обама Ақ үйде кездесіп отыр. 20 мамыр. 2011

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаняху өз үкіметі мен АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі арасында қандайда бір дағдарыс бар дегенді жоққа шығарды.

Нетаньяхудің ол мәлімдемесін жеткізген оның өкілі Обамамен келіспеушілік жайлы хабарлар өте ұлйғатылып жіберілген деді. Израиль премьері Обама әкімшілігі мен өз кабинеті арасында пікірқайшылықтар бар екенін, ондай айырмашылықтар достар арасында болатынын да жеткізген.

Жұма күні Вашингтонда Обамамен кездескен Нетаньяху АҚШ президентінің Израилді Палестинамен келіссөздер өткізіп, 1967 жылғы Израиль басып алған Шығыс Иерасулимдегі шекара негізінде Палестина мемлекетін құруға жол ашуға шақырған.
XS
SM
MD
LG