Accessibility links

Швеция түркмен оппозициясының баласын депортациялады


Түркменстан әуе жолдарының ұшағы. Ашхабад әуежайы.

Түркменстан әуе жолдарының ұшағы. Ашхабад әуежайы.

Швеция үкіметі Түркменстанның шетте жүрген оппозиция белсендісінің баласы Кеймир Бердиевті еліне депортациялады. Біздің тілшілеріміздің хабарлауынша, Бердиев отырғызылған ұшақ Ашхабадқа жұма күні қонған, бірақ оның нақты қайда әкетілгені белгісіз.

Швеция үкіметі Бердиевке елінде қауіп төніп тұрғаны жайлы айғақтар жеткіліксіз деп тауып, оны еліне күштеп қайтарған. Оның әкесі мен бауырлары оппозициялық партияның мүшесі болған және 1990 жылдардың соңында Азаттық радиосының түркмен қызметінде жұмыс істеген.

Түркмен билігі саяси оппоненттері мен олардың отбасы мүшелерін ешқашан кешірген емес.
XS
SM
MD
LG