Accessibility links

Испанияда наразылық шерулерімен қатар дауыс берулер өтіп жатыр


Мадридтегі шерушілер, 20 мамыр 2011 жыл

Мадридтегі шерушілер, 20 мамыр 2011 жыл

Испанияда он мыңдаған адам елдегі жұмыссыздық пен қысқартуларға қатысты наразылықтар шерулері жалғасып жатқан тұста, аймақтық және жергілікті сайлаулар өтіп жатыр.

Бұл дауыс берулер биліктің "Социалистер" партиясына үлкен сынақ ретінде қаралып отыр. Еуропа Одағы елдерінде Испанияда жұмыссыздық өте жоғары деңгейде екені айтылып, осы жылдың бірінші тоқсанында 21,19 пайызды құрап отыр.

Шерушілер дауыс беру құқы бар 34 миллион адамды сайлауға бойкот жариялауға шақырды. Испания қалаларында наразылық шерулері 15 мамырда басталған.
XS
SM
MD
LG