Accessibility links

Тәліптер Қазақстанға ескерту жасады


Тәліптер жасағы. Көрнекі сурет.
Тәліптер жасағы. Көрнекі сурет.
Талибан қозғалысы Қазақстан Ауғанстанға әскер жіберсе, оның салдары қиын болатындығын ескертті.

Бұл турасында мамырдың 22-сінде Рейтерс агенттігі хабарлады. Хабарларға қарағанда, мұндай мәлімдеме сенбі, мамырдың 21-інде таратылған.

Тәліптер Қазақстанды аймақ мәселесін ескерудің орнына Америка мүддесін көздеп осындай әрекетке барып отыр деп айыптаған.

"Қазақстан мұсылмандары өз билеушілерінің осындай дұрыс емес саясатына қарсы тұруы керек. Қазақстанның бұл қадамы Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы және аймақтағы қатынасқа ұзақ уақыт кері ықпал етеді» делінген мәлімдемеде.

Қазақстанның Ауғанстанға жүк таситын дәлізге айналғаны белгілі. Қазақстан мәжілісі мамырдың 18-інде Ауғанстанға әсер аттандыру жөнінде шешім қабылдады.
XS
SM
MD
LG