Accessibility links

Пәкістанда әскери базаға шабуылдан 11 адам қаза болды


«Мехран» әскери-теңіз базасына шабуыл жасаған бүлікшілер мен пәкістандық әскер арасындағы атыс кезінде оқтан қорғанып жатқан құтқарушылар мен журналистер. Карачи, 23 мамыр 2011 жыл.

«Мехран» әскери-теңіз базасына шабуыл жасаған бүлікшілер мен пәкістандық әскер арасындағы атыс кезінде оқтан қорғанып жатқан құтқарушылар мен журналистер. Карачи, 23 мамыр 2011 жыл.

Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласындағы "Мехран" әскери-теңіз базасына жексенбінің кешінде қарулы бүлікшілер тобы шабуыл жасап, кемінде 11 пәкістандық сарбаз қаза болған деп хабарлады Би-би-си.

Бүлікшілер пәкістандық әскери базадағы ұшу алаңында тұрған екі қымбат ұшақты өртеп, базада жүрген әскерилерге оқ жаудырған. Одан соң бірнеше офицерді кепілге алған, олардың арасында Қытай азаматтары да бар.

Пәкістан қарулы күштері бірнеше бүлікшіні өлтірді. Қазір кепілге алынғандарды босату үшін операция жалғасып жатыр.

Бұл Пәкістанда осы айдың басында "әл-Каида" жетекшісі Усама бин Ладенді америкалық әскерилер өлтіргелі бергі бүлікшілердің тарапынан жасалған ең үлкен шабуыл болып отыр.
XS
SM
MD
LG