Accessibility links

Испанияда жергілікті билік орындарына сайлауда оппозиция жеңіске жетті


Испаниядағы экономикалық дағдарыс және жұмыссыздыққа қарсы наразылық акциясы. Мадрид, 20 мамыр 2011 ж.

Испаниядағы экономикалық дағдарыс және жұмыссыздыққа қарсы наразылық акциясы. Мадрид, 20 мамыр 2011 ж.

Испанияда жексенбі күні өткен жергілікті билік орындары сайлауында, алдын-ала деректер бойынша, сайлаушылардың 37 пайыздан астамы оппозициядағы консервативтік Халық партиясына қолдау білдірген.

Ал осы уақытқа дейін билік басында отырған Социалистік партия шамамен 28 пайыз дауыс жинаған. Билеуші партияға елдегі экономикалық дағдарыс және жұмыссыздыққа кінәлі деген сын айтылып келген еді.

Бұл сайлау қарсаңында Испанияның көптеген қалаларында өткен жұмыссыздыққа қарсы наразылық жиындарына мыңдаған адам қатысты.
XS
SM
MD
LG