Accessibility links

АҚШ Пәкістан азаматын елден шығарды


Нью-Йорктегі Таймс-сквер.
Нью-Йорктегі Таймс-сквер.
АҚШ билігі Пәкістан азаматы Афтаб Әли Ханның жексенбі күні елден шығарылғанын хабарлады.

Тергеу деректері бойынша, 28 жастағы Афтаб Әли Хан 2010 жылы мамыр айында Нью-Йорктегі Таймс-скверде көлікке бомба қойып жаруды жоспарлаған америкалық студент Файзал Шахзадтың есебіне 4900 доллар аударып, жалған құжаттар жасағанын мойындаған. АҚШ соты айыпты деп тауып, өмір бойы бас бостандығынан айырған Шахзад қазір түрмеде отыр.

Ал осы іс бойынша қамауға алынған Афтаб Әли Ханды террорлық шабуылды жоспарлауға тікелей қатыспаған деп тапқан тергеушілер оған айып таққан жоқ.
XS
SM
MD
LG