Accessibility links

Йемен президенті билікті тапсыру туралы келісімге қол қоюдан бас тартты


Йемен президенті Әли Абдолла Салех өзін қолдаушылар өткізген жиында. Сана, 20 мамыр 2011 жыл.

Йемен президенті Әли Абдолла Салех өзін қолдаушылар өткізген жиында. Сана, 20 мамыр 2011 жыл.

Йемен президенті Әли Абдолла Салех Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесі ұсынған билікті бейбіт жолмен тапсыру туралы келісімге қол қоюдан бас тартты.

Осылайша Салех осымен үшінші рет бұл ұсынысты кері қақты. Құжатқа билеуші партия өкілдері мен оппозиция жетекшілері қол қойған.

Президент Салехтің қылығына жауап ретінде Парсы шығанағындағы араб елдері ынтымақтастық кеңесі Йемендегі саяси дағдарысты шешуге ара ағайын болуды тоқтататындығын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG