Accessibility links

АҚШ-тың Миссури штатындағы Джоплин қаласында торнадо салдарынан 30 адам мерт болған.

Табиғаттың дүлей күші қаланы ішінара қиратып кеткен, электр және телефон байланысы желілері үзілген.

Миссури штатының губернаторы Джей Никсон төтенше жағдай жариялап, жойқын дауыл тағы да қайталап соғуы мүмкін деп ескерткен.

Биыл сәуір айында АҚШ-тың шығысындағы бірқатар штаттарда торнадо салдарынан 350 адам көз жұмды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG