Accessibility links

Египетте шерушілерді атқандардың ісі бойынша алғашқы үкім шықты


Мүбәрәк билігіне қарсы шеруге шыққандар мен олардың жолын бөгеген әскер. Каир, Египет, 7 ақпан 2011 жыл.

Мүбәрәк билігіне қарсы шеруге шыққандар мен олардың жолын бөгеген әскер. Каир, Египет, 7 ақпан 2011 жыл.

Каир соты Египетте Хосни Мүбәрәк билігі кезінде үкіметке қарсы бейбіт шеруге шыққандарды атқандарға қатысты алғашқы сот үкімін шығарды.

Сот шеруге шыққандарға оқ атып, кемінде 20 адамды өлтіріп, көпшілігін жаралаған деген айып тағылған полиция офицері Мохаммед Махмудты кінәлі деп тауып, оны сырттай өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды.

Қазір Египет соттарында шеруге шыққандарға қарсы оқ атқан полицейлерге қатысты оннан аса іс қаралып жатыр. Ресми деректер бойынша, Египетте 18 күнге созылған халық толқулары барысында кемінде 846 адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG