Accessibility links

Иранда қамауда отырған АҚШ азаматтары үйлерімен сөйлесті


Солдан оңға: Шейн Бауэрдің анасы Синди Хикки, Сара Шауд және Джош Фэтталдың анасы Лора Фаттал баспасөз мәслихатында. Нью-Йорк, 19 қыркүйек 2010 жыл.

Солдан оңға: Шейн Бауэрдің анасы Синди Хикки, Сара Шауд және Джош Фэтталдың анасы Лора Фаттал баспасөз мәслихатында. Нью-Йорк, 19 қыркүйек 2010 жыл.

Иран билігі "тыңшылық жасаған" деген айып тағып, сотқа тартқалы отырған америкалық екі туристке телефон арқылы үй-ішімен тілдесуге рұқсат берген.

Екі жылға жуық уақыт бойы Иранда қамауда отырған Шейн Бауэр мен Джош Феттал иран билігі өздеріне хат-хабар бермей қойған соң 17 күн бойы аштық жариялағандарын айтқан. Туыстарының айтуынша, олар төрт минуттай сөйлескен.

Қамаудағылар осымен үшінші рет үй-ішімен телефон арқылы тілдесіп отыр.

Джош Феттал, Шейн Бауэр және оның қалыңдығы Сара Шаудты 2009 жылы Иран мен Ирак шекарасы маңында ұстаған Иран үкіметі оларға "тыңшылық жасады" деген айып тақты. Өздеріне тағылған мұндай айыпты жоққа шығарған америкалықтар Иракта жүргенде адасып, Иран жеріне байқамай кіріп кеткендерін айтқан.

Иран билігі Сара Шаудты былтыр қыркүйекте кепілге босатты.
XS
SM
MD
LG