Accessibility links

Еуропа Одағы Сирияға қарсы санкциялар енгізді


Сирия президенті Башар әл-Ассад.

Сирия президенті Башар әл-Ассад.

Дипломаттардың айтуынша, Еуропа Одағы Сирия үкіметінің бейбіт шерушілерді күшпен басып-жаншуына жауап ретінде қатаң санкциялар енгізді.

Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Брюссельдегі кездесулерінде Сирия билігінің президент Башар әл-Ассад бастаған өкілдеріне қарсы санкцияларды қарастырып, олардың Еуропаға шығуына тыйым салып, есеп-шоттарын тәркілеу туралы келіскен.

Еуропалық министрлер сонымен қатар Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты Иран өкілдеріне қарсы санкцияларды да күшейтті.
XS
SM
MD
LG