Accessibility links

Астанада ҰҚК абақтысы жанында автокөлікте жарылыс болған


Бүгін Астанада Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің абақтысы маңында автокөлікте жарылыс болғаны туралы бірқатар агенттіктер хабар таратты.

«Машина сол ауданда (ҰҚК департаменті абақтысы маңында) тұрған, өртеніп, жарылған» дейді «Новости-Қазақстан» агенттігіне берген сұқбатында Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров.

Ол «бұл қатардағы оқиға, оны террорлық акциямен байланыстырудың қажеті жоқ» дейді.

Оқиға болған жерде жүрген Азаттық радиосының тілшісі сол маңдағы кейбір тұрғын үйлер терезелерінің әйнегі сынып қалғанын хабарлады.

Бұған дейін, мамырдың 17-сінде Ақтөбе облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті ғимаратына келген бір адам бомба жарып, өзін-өзі мерт қылған еді. Қазақстан билігі жарылысты Ақтөбедегі мұсылмандардың бейресми шағын тобының мүшесі болған Рахымжан Махатов жасаған деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG