Accessibility links

«Союз» ғарыш кемесі Қазақстанға қонды


Қазақстанның Арқалық қаласының маңына қонған «Союз» ғарыш кемесінің аппараты. 16 наурыз 2011 жыл.

Қазақстанның Арқалық қаласының маңына қонған «Союз» ғарыш кемесінің аппараты. 16 наурыз 2011 жыл.

Бүгін Қазақстан аумағына қонған «Союз» ғарыш кемесінің аппаратымен үш ғарышкер - ресейлік Дмитрий Кондратьев, Еуропалық ғарыш агенттігінің ғарышкері Паоло Несполи және NASA өкілі Кэтрин Колман жерге оралды.

Олар Жер орбитасында 159 күн болған.

Биылғы маусым айынан бастап АҚШ ғарышқа шаттл ұшыру бағдарламасын доғарады. NASA 2016 жылға дейін астронавтарды халықаралық ғарыш станциясына ресейлік «Союз» кемесімен жеткізуді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG